jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 25 градусқа дейін жылы болады

қызғалдақтар
Қызғалдақтар. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 10 наурыз, жұмада Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, термометр бағаны күндіз +14...+16°C-қа дейін көтеріліп, түнде +6...+8°C-қа дейін төмендейді.

Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр. Сондай-ақ тұманға байланысты жұмада оңтүстік астанада дауылдық ескерту жарияланған.

Астанада да бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурасы 0-ден +2°C-қа дейін көтерілсе, түнде 0...-2°C-қа дейін күн суытады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Ал Шымкентте бүгін күндіз +23...+25°C-қа дейін, түнде +12...+14°C-қа дейін жылы болмақ. Мегаполисте жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 25 градусқа дейін жылы болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.