jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, найзағай, тұман: алдағы демалыс күндері елде ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстаған ер адам
Жаңбырлы күні қолшатыр ұстаған ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктердің болжауынша, 11-13 наурыз аралығында еліміздің кей өңірлерінде қар, жаңбыр жауып, бұрқасын болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын мен екпінді жел соғып, еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде бұрқасын күтіледі.

11-12 наурызда еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр, ал 12-13 наурызда шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Елдің шығысында қар жаууы ықтимал.

Сонымен қатар демалыс күндері ел бойынша тұман болып, солтүстікте көктайғақ күтіледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжануда.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте ел бойынша ауа температурасы мынадай болады:

  • еліміздің батыс облыстарында ауа райы температурасы түнде 0...+10 градустан -2..+8 градусқа дейін, күндіз +3 +15 градустан +7...+ 18 градусқа дейін құбылады;
  • Қазақстанның солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы, шығысында түнде 0...-12 градустан -3...-15 градусқа дейін, күндіз -3...+10 градусқа дейін төмендейді.
  • оңтүстік өңірлерде түнде сынап бағанасы -3...+10 градусқа дейін, күндіз +10...+20 градусқа дейін көтеріледі;
  • оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 0...+8, күндіз +2...+18 градусқа дейін жылынады.
Жаңбыр, найзағай, тұман: алдағы демалыс күндері елде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.