jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда мектептегі қауіпсіздік ережесі өзгеруі мүмкін

Мектеп ішінде кетіп бара жатқан оқушы
Мектеп дәлізі. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі мектептердің үлгілік қағидаларына бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, ведомство білім беру ұйымынан тыс жерде білім алушының өмірі мен қауіпсіздігіне ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер жауапты болады деген ережені толықтырмақ.

"Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі.", - делінген бұйрықта.

Сонымен қатар бұйрықта егер білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейтіні айтылған. Бұл ретте білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерін оқу ордасына шақыра отырып, болған оқиға туралы хабардар етіп, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдайды.

"Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді құрылғыларды пайдаланбайды", - делінген құжатта.

Аталған заң жобасы 2023 жылғы 28 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қазақстанда мектептегі қауіпсіздік ережесі өзгеруі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.