jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Қазақстан халқына" қоры эпилепсия диагнозы бар 88 баланы дәрімен қамтамасыз етті

"Қазақстан халқына" қоры эпилепсиясы бар балаларды дәрімен қамтыды
"Сабрил" дәрісі. Фото: qazaqstanhalqyna.kz

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры эпилепсия диагнозы бар 88 баланы дәрімен қамтамасыз етті, деп хабарлайды қордың ресми сайты.

Қоғамдық қор ауыр және сирек аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастыруда.

"2023 жылдың ақпан айының соңында және наурыз айының басында еліміздің 5 өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларына эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге "Сабрил" дәрісі жеткізілді", – делінген хабарламада.

Препарат Түркістан облысындағы 21 балаға, Шымкент қаласындағы 24 балаға, Павлодар облысындағы 18 балаға, Солтүстік Қазақстан облысындағы 12 балаға және Ақмола облысындағы 13 балаға бөлінген.

Қордың мәліметінше, "Сабрил" дәрісі "СвиксБиоФарм" компаниясымен тек алдын ала тапсырыс беру арқылы ғана сатып алынатын көрінеді.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры былтырдан бері құны 16,1 миллиард теңгеден астам сомаға өмірге қауіп төндіретін және созылмалы сырқаты бар 236 науқасты дәрілік заттармен қамтамасыз еткен. Олардың ішінде 230 науқаста сирек кездесетін (орфандық) ауру болса, науқастардың 204-і балалар.

"Қазақстан халқына" қоры эпилепсия диагнозы бар 88 баланы дәрімен қамтамасыз етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.