jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Оралда бірнеше күн бойы су күніне бірнеше сағатқа ғана беріледі

Көрнекі
Кран. Көрнекі фото: Рixabay.com

Орал тұрғындарына бірнеше күн қатарынан қалада судың күніне алты сағатқа ғана берілетіні ескертілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Басылымға "Батыс су арнасы" ЖШС хабарлағандай, қалалық кәріз коллекторларына еріген қар суы толып жатқандықтан, тұрғын үйлерді кәріз сулары басып кету қаупі туындаған.

Бұған жол бермеу үшін 10 наурыз күні сағат 20:00-ден бастап қаланың барлық аумағына су беруді уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.

Енді қала тұрығндары суды күніне үш рет қана ала алады:

  • сағат 7:00-ден 9:00-ге дейін;
  • 12:00-ден 14:00-ге дейін;
  • 18:00-ден 20:00-ге дейін.

"Жағдай қалыпқа келген кезде су қалыпты режимде беріледі", – деп қосты "Батыс су арнасы".

Оралда бірнеше күн бойы су күніне бірнеше сағатқа ғана беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.