jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қатты жауын-шашын, тұман: жексенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Метеорологтар 12 наурыз, жексенбіде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамынша, циклон жырасының, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде), республиканың шығысында қатты жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр күтіледі.

Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

Метеорологтардың мәліметінше, одан бөлек бүгін Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында, түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде және шығысында да қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде.

Қатты жауын-шашын, тұман: жексенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.