jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"23 жасымда бастадым": Жиырма жылдан бері көлік жөндеумен айналысатын түркістандық әйел жайлы не білеміз

Айзада Мейірбанова
Айзада Мейірбанова. Фото: Айзада Мейірбанованың жеке мұрағатынан. Коллаж turkystan.kz

Бүгінде "Техниканың тілін меңгеріп, көлік жөндеу – тек ер-азаматтардың қолынан келетін іс" деген ойдың қате пікір екенін дәлелдеп жүрген әйелдер аз емес. Солардың бірі - Түркістан қаласының тұрғыны Айзада Мейірбанова. Айзада жиырма жылдан бері кө­лік жөндеумен айналысады, деп жазады Түркістан басылымы.

Басылымның жазуынша, Айзада ал­ғашында ті­гін­­­­­ші­лікпен, саудамен айналыс­қа­н. Алайда бұл жұ­мыс­­тар­дың қи­юын келтіре алмапты. Сөй­тіп, тех­ни­каға ебі болған соң кө­лік жөндеуді қол­ға алған.

"Мектепте жақсы оқыдым. Бітір­ген соң көп жас сияқты мен де уни­вер­ситетте білім алуды армандаған едім. Бірақ оған жағдай болмады. Со­сын тігіншіліктің оқуына түстім. Бірақ бұл жұмысты алып кете алма­дым. Үйде атам, ағаларым, інім көлік жөндейтін. Солардың қасында жүріп қы­зығушылығым оянып, техниканың тілін үйреніп алдым.

2001 жылы "Вул­канизация" ашылды. Алдымен сол жерде жұмыс істедім. Көлік жөн­деуді 23 жасымда бастадым. Содан бе­рі осы іспен айналысып келе жатырмын. Құдайға шүкір, еш өкінбей­мін. Адам жұмысын бар ынтасымен іс­теуі керек. Ерінбей еңбек етсең, же­­­­місін көресің. Қабілетің мен қы­зы­ғушылығың болса, кез келген істі дөңгелетіп әкетуге болады", – дейді Айзада Мейірбанова.

Бүгінде Айзаданың есімі - жергілікті жүргізушілерге жақсы таныс. Себебі көлігі бұзылып қалса, бірден Айзадаға келеді.

Айзада ша­ғын шеберха­на­сына жергілікті жұрт қана емес, көлігін жөн­детуге елі­міздің әр өңірінен жүр­­­­­гізушілер келетінін айтады. Шебер күніне орта есеппен 5-6 көлік жөндей­ді.

"Басында ағам екеуміз бірге жұ­мыс істейтінбіз. Қазір ол кісінің ден­­саулығы болмаған соң көбіне өзім атқарып жүрмін. Жеңіл көлік­тер­ді, "Жигули", Lexus, Opel, Hyundai, Kia, Toyota сияқты қазір шығып жат­қан жаңа машиналарды жөн­дей­міз. Осы уақытқа дейін тұрақты клиент­­теріміз пайда болды. Еліміздің әр өңірінен келіп жатады. Жолшыбай көлігі бұзылып қалғанда келетіндер бар. Олар көбіне көлігі оталмай қа­лып, сүйреп әкеледі. Қолдан келген кө­­мегімізді аянып қалмаймыз.

Жұмысты бүріккіш таза­лау­дан бас­­таған едік. Алға­шын­да шебер­ха­на­да жылы еден бол­­маған, суық еді. Қа­зір техника қа­рыш­­тап дамып жат­қан уақыт. Әр көліктің жеке бағ­дар­ла­­­масы, компью­тері бар. Әрқай­сы­сына арналған компьютерді сатып ал­ғанмын. Ал­дымен көлікті диагнос­ти­каға түсіріп, қай жерінде ақау бар еке­нін анық­таймыз", – дейді ол.

Айзада Мейірбанованың ендігі мақ­саты – шеберханасын кеңейтіп, жа­нынан дөңгелек ауыстыратын ор­талық ашу.

Материал авторы: Эльмира Жақсыбайқызы

"23 жасымда бастадым": Жиырма жылдан бері көлік жөндеумен айналысатын түркістандық әйел жайлы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.