jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстауға оралған қызғылт қоқиқаздардың әсерлі видеосы жарияланды

Көл бетіндегі қоқиқаздар
Көл бетіндегі қоқиқаздар. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Блогер, видеограф Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram-парақшасында Маңғыстауға оралған қоқиқаздардың видеосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дәл қазір Маңғыстауда мыңдаған қоқиқаз одан әрі Қорғалжынға ұшу үшін күш алып жатыр. Ұшып жүрген қоқиқаздарды көру нағыз ләззат, олардың сұлулығы ұмытылмастай әсер қалдырады", – деп жазды видео авторы.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғылт қоқиқаздар Ақтаудан оңтүстік-шығысқа қарай 10 километр жерде орналасқан Қаракөл көлінде мекендейді. Қыста олар жылы елдерге ұшып кетіп, көктемде оралады.

"Наурыз – Маңғыстаудағы ең ғажайып айлардың бірі", – деп жазады Азамат Сәрсенбаев.

Маңғыстауға оралған қызғылт қоқиқаздардың әсерлі видеосы жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.