jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Айналаға әр беріп тұр": Шымкентте өрік ағашы гүлдеді (видео)

Гүлдеген өрік ағашы
Гүлдеген өрік ағашы. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте өрік ағашы гүлдеді. Шаруалар ерте бүр жарған жеміс ағаштары үшін алаңдаулы. Мамандар уайымдауға еш негіз жоқ екенін алға тартады, деп хабарлайды Хабар24.

Телеарнаның мәліметінше, елдің оңтүстігіндегі қазір күндіз ауа температурасы +20 градус шамасында, түнде +4 градус жылы болып жүр. Бағбандар ендігі кезекте алма, шие ағаштары гүлдейтінін айтады.

Десе де, шаруалар ерте бүр жарған жеміс ағаштары үшін алаңдайды, өйткені былтыр наурыз айында мезгілсіз жауған қардың салдарынан жеміс ағаштары үсіп кетіп, жеміс бермеген.

Телеарна ақпаратынша, дендрологиялық саябақтың ғылыми қызметкерлері уайымдауға еш негіз жоқ дейді.

"Дендросаябақта жеміс ағаштарынан алманың оннан астам түрін кездестіруге болады. Шабдалы, өрік ағаштары да бар. Қазіргі таңда жеміс ағаштарының ішінде өрік гүлдеп тұр. Жалпы биылғы жылы ауа райы тұрақты болып, қалыпты жағдайда гүлдеді. Сол үшін де жемістері де жақсы болады деп күтілуде", - дейді дендрологиялық саябақтың ғылыми қызметкері Бибіжамал Мәлік.

"Айналаға әр беріп тұр": Шымкентте өрік ағашы гүлдеді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.