jitsu gif branding logo appbranding logo app

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы жер сілкінісі болжамы туралы құжатқа түсініктеме берді

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазнетте Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының тапсырмасы бойынша Алматыда болуы ықтимал жер сілкінісіне байланысты жоғары дабылдың енгізілетіні туралы құжат тарады. Хабарламаға Төтенше жағдайлар министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар мессенджерлер арқылы Алматыда, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облыстарында болуы ықтимал жер сілкінісін ескертетін құжатты тарата бастады.

"Осыған байланысты "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 4-бабына сәйкес Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында Азаматтық қорғаудың аумақтық мемлекеттік жүйесінің жоғары дайындығы режимін енгізу және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету талап етіледі", – делінген хабарламада.

Таратылған құжатта орталық атқарушы органдар азаматтық қорғаудың салалық жүйелерінің дайындығын қамтамасыз етуі керек делінген. Дегенмен Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов NUR.KZ тілшісіне ведомство бұл құжатты таратпағанын айтты.

"Біз мұндай хатқа қол қойған жоқпыз, өйткені оның қажеті жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары әрқашан толық жауынгерлік әзірлікте", – деді ол.

Руслан Иманқұлов министрліктің ынтымақтастық, сондай-ақ өңірлердегі бөлімшелерді тексеру жоспарлары бар екенін, соған сәйкес күштер мен құралдардың дайындығы тексеріліп жатқанын атап өтті.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының тиісті мемлекеттік органдардан ақпаратты нақтыламай жариялап жатқаны өкінішті", – деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Дегенмен жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжам бәрібір жасалды. Бұл туралы өткен аптада Сейсмология институтының өкілдері хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы жер сілкінісі болжамы туралы құжатқа түсініктеме берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.