jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің бір мегаполисінде 22 градусқа дейін күн жылынуы мүмкін

Бәйшешектер
Көктемгі бәйшешектер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сәрсенбі, 15 наурызда Қазақстанның ірі қалалары Алматы, Астана және Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамынша, алматылықтар үшін бүгінгі күн жауын-шашынсыз болады, оңтүстік астанада күндіз ауа райы +14...+16°С-ты көрсетсе, түнде +2...+4°С-қа дейін төмендейді. Қалада жел жылдамдығы секундына 2-7 метрге дейін жетеді.

Астанада да жауын-шашынсыз, күн ашық болады деп күтілуде, бірақ елордада ауа райы күн әлдеқайда салқын болады. Термометрлер күндіз 0-ден -2°C-қа дейін түссе, ал түнде -5...- 7°C-қа дейін суытады. Сонымен қатар елордада жел күші 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Шымкентте синоптиктер күндіз +20...+22°C, түнде +3...+5°C жылы болады деп болжап отыр. Үшінші мегаполисте жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 2-8 м/с жетуі мүмкін.

Бүгін еліміздің бір мегаполисінде 22 градусқа дейін күн жылынуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.