jitsu gif branding logo appbranding logo app

Колледж студенттеріне әскери борышын өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы SMS хабарлама жіберіледі

Смартфон ұстап түрған ер адам
Смартфонға қарап түрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың наурыз айынан бастап әскерге шақыру жасына толған колледж студенттері әскери борышын өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы хабарламаны SMS арқылы ала алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ресми Telegram-каналында хабарлады.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментының мәліметінше, Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады.

"Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі", – дейді мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

Ведомсто ақпаратынша, бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.