Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар аймағында күн суытып, қар жауады деп күтілуде
Жарияланған күні:
Синоптиктер 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытып, қар жауады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
"Республиканың орталығында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, негізінен қар күтіледі. 16 наурыз күні күндіз Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, ал 17-18 наурыз күндері тәулік бойы еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі", – дейді "Қазгидромет" мамандары.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысымға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар мамандар алдағы күндері республика бойынша тұман күтілетінін атап өтті.
"Температуралық фонға келер болсақ, мұнда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде 0-8 градус аязға дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде, күндіз 0-7 градусқа дейін жылы", – дейді метеорологтар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012998-aldagy-kunderi-qazaqstannyn-birqatar-aimagynda-kun-kurt-suytyp-qar-zauady/