Әуежайда кей жағдайда не себепті аяқ киімді шешу қажет
Жарияланған күні:
Әуежайда жолаушыларды тексеру кезінде кейбір жолаушылардан неліктен аяқ киімді шешу талап етіледі? Бұл сауалға "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ның баспасөз қызметі жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Елордалық әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе көлігінің ерекшеліктеріне байланысты жолаушылар авиатасымалдарында қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аударылады.
Әлемдік тәжірибеде жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жолаушыларды, қол жүгі мен багажды іріктеп тексеру әдісі қолданылады.
Сондықтан бүкіл әлемдегі әуежайлар жолаушылардың 10 пайызын автоматты түрде және кездейсоқ түрде анықтайтын рандомайзер функциясы бар доғалы металл детекторларымен жабдықталған. Мәселен, Астана әуежайында рандомайзерлер 2015 жылдан бері қолданылып келеді.
"Егер тексеру кезінде құрылғы белгі берсе, жолаушы рентген-теледидар қондырғысы арқылы жеке тексеру үшін аяқ киімін шешіп (құрамында металл заттар болмаса да), тексеруден өтуі керек. Сонымен қатар тексеру қызметкерлері бұл жолаушының қол жүгін мұқият тексеруге міндетті", – дейді авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары Абылай Саргозов.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұқият тексеру қасақана жасалмайды, керісінше жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қарастырылған шаралар. Сондықтан жолаушылар түсіністік танытып, тексерумен айналысатын инспекторлардың заңды талаптарын орындауы керек.
"Ескеретін бір жайт, тексеруден жалтарған жолаушылар "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңға сәйкес тасымалдауға жіберілмейді", - дейді елордалық әуежайдың баспасөз қызметінің өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013020-auezaida-kei-zagdaida-ne-sebepti-ayaq-kiimdi-sesu-qazet-elordalyq-auezai-akimsiligi-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.