jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Керемет орындау": "Қара жорға" күйін тартқан америкалық қыз желі қолданушыларын тәнті етті

Риа Эдберг
Риа Эдберг. Видеодан кадр: instagram.com/uscgalmaty

Домбырамен "Қара жорға" күйін тартқан америкалық ару желі қолданушыларының ықыласына бөленді. Риа Эдбергтің өнеріне тәнті болған желі қолданушылары оған жылы лебізін жазуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Америкалық қыздың "Қара жорға" күйін орындаған видеосын Қазақстандағы АҚШ Елшілігі өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Рианың Қазақстанға келгеніне бес ай болған.

"Менің есімім – Риа Эдберг. Мен Flex Abroad бағдарламасының студентімін және қазір Алматыдамын. Қазақстанға Миннесота штатынан 5 ай бұрын келгенмін. Менің ең сүйікті істерімнің бірі – домбырада ойнау, ал ең сүйікті күйім ол – "Қара жорға", – дейді Риа.

Қазақтың күйін асқан ықыласпен орындаған америкалық қызға желі қолданушылары жарыса пікір жазып, ризашылығын білдіруде.

"Керемет орындау", "Ғажап", "Бәрекелді, бес айдың ішінде домбырада ойнауды үйреніп алған", "Өте әдемі орындау", "Бәрекелді", "Күй тартамын деген ниетінен сол Риа Эдберг. Айналайын" , - деген желі қолданушылары ыстық ықыластарын сөзбен де, түрлі смайликтермен де жеткізген.

"Керемет орындау": "Қара жорға" күйін тартқан америкалық қыз желі қолданушыларын тәнті етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.