jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда қызылша ауруы белең ала бастады

Қызылша ауруы
Қызылша ауруы. Фото: turkystan.kz

Елімізде қызылша ауруы дендей бастады. Вирустық жұқпалы дерт жыл басынан бері 56 адамнан анықталған. Оның жиырмасы зертханада расталған. Науқастардың басым бөлігі 7 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мамандар мәліметінше, вирус ауа арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде науқастың сілекейімен сыртқы ортаға тарайды.

Арна мәліметінше, аталмыш дерт жыл басынан бері жеті өңірде тіркелген. Олар: Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Жетісу облыстары.

Ал мамандардың мәліметінше, бұл сырқатты жұқтырғандардың көбі екпе алмағандар екен.

"Биыл елімізде қызылша ауруының 56 күдікті жағдайы тіркелді. Оның ішінде 20 жағдайы зерттеумен расталған. Бес жағдай басқа диагнозға ауыстырылған. 20 жағдай қазір зертханада зерттеліп жатыр. Екпе егу болса, вакцинацияның тиімділігі жоғары, 95 пайызды құрайды", - деді еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар Айжан Есмағамбетова.

Мамандар мәліметінше, вирус көктем мезгілінде өршіп, балалар арасында тез тарайды. Кейде соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Өйткені дертті үлкендер ауыр өткереді. Егер алдын алмаса, ересек адамдарда отит, пневмония, энцефалитке шалдығу қаупі бар. 

"Ересектер де қызылшамен ауырады. Егер иммунитеті төмен болса, иммуноглобулин төмен болса, тез жұқтырады. Мысалы, бір жасында, алты жасында қызылшаға екпе алады. Егер адам уақытына дейін екпе алмаған болса, егер оның иммунитеті әлсіз болса, сол адам тез қабылдайды. Оларда ұзағырақ болады. Сосын асқынып кетуі мүмкін", - деді Алматы қаласы №28  емханасының инфекционист дәрігері Нұрбибі Арқабаева.

Аурудың негізгі белгілері:

  • Әлсіздік;
  • Дене қызуының көтерілуі;
  • Бас ауруы.
  • Артынша мұрын бітеліп, 5-6 күнде теріде қызыл дақтар шыға бастайды.
Қазақстанда қызылша ауруы белең ала бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.