jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қар, жаңбыр, жел: бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстаған әйел
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бейсенбі, 16 наурызда еліміздің ірі қалалары - Алматы, Астана, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың болжамынша, бүгін Алматыда жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Күндіз термометр бағаны +8...+10°C дейін көтеріледі, түнде 0...+2°C дейін төмендейді.

Мамандар оңтүстік астанаға іргелес аумақтарда қардың қарқынды еруі, тау бөктерінен еріген қардың ағыны қалыптасуы, мұздың еруі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілетінін және су басу ықтималдығын ескертеді.

Астанада бейсенбіде қар және жылдамдығы 7-12 м/с-қа, екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел күтілуде. Ауа температурасы күндіз -1...+1°C болса, түнде -3...-5°С дейін суытады. Сондай-ақ синоптиктер елордада қатты көктайғақ болатынын ескертіп отыр.

Ал бүгін Шымкентте жауын-шашынсыз, күн ашық болмақ. Күндіз термометр бағаны +16...+18°C көрсетсе, түнде +3...+5°C дейін төмендейді. Дегенмен, қалада жылдамдағы 8-13 м/с-қа, екпіні 15-20 м/с-қа жететін қатты жел күтілуде. Осыған байланысты үшінші мегаполисте дауылдық ескерту жарияланды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.