Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тағы бір жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жаңа мереке "Ұлттық баспасөз күні" пайда болуы мүмкін. Тиісті үкімет қаулысының жобасы 15 наурызда "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"Ашық НҚА" порталының ақпаратынша, аталған күнді ресми бекіту үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы үкімет қаулысының жобасын әзірлеген. Жобалық құжатта 2 ақпанды "Ұлттық басылым күні" ретінде белгілеу ұсынылған.

"Ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан секілді елдерде дәстүрге айналды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор", - деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар құжатта қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтіні айтылған.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Тelegram-дағы ресми арнасында хабарлауынша, газет-журналдар ақпарат кеңістігінде маңызды тарихи рөлін жоғалтқан жоқ.

"Белгілі ұлт зиялыларының 1913 жылғы 2 ақпанда "Қазақ" газетін шығаруы отандық кәсіби журналистиканың ізашары болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор", - деп түсіндіреді ведомвство өз бастамасын.

Қаулы жобасын қоғамдық талқылау 3 сәуірге дейін жалғасады.

"Қазақстан энциклопедиясы" сайтынының мәліметінше, "Қазақ" басылымы - 1913-1918 жылдар аралығында шыққан қоғамдық-саяси және әдеби газет. Алғашқы саны 1913 жылғы 2 ақпанда жарық көрен. 1915 жылға дейін газет аптасына бір рет, кейін аптасына екі рет шығып тұрған.

Газетке қаржылай көмектескендердің басында Мұстафа Шоқай тұрды. "Қазақ" газетінің жалпы 265 саны жарық көрген. Басылымның ұйымдастырушысы әрі редакторы - Ахмет Байтұрсынов болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013078-elimizde-tagy-bir-zana-mereke-paida-boluy-mumkin/

pixel