jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Ойлануға уақыт болған жоқ": қызылордалық оқушы өмірін қатерге тігіп, досын құтқарып қалды

Досын құтқарып қалған Әмірхан Абайдың марапатталған сәті
Досын құтқарып қалған Әмірхан Абай марапатталды. Фото: polisia.kz

Қызылордада 14 жастағы Әмірхан Абай өмірін қатерге тігіп, суға батып бара жатқан досын құтқарып, ерлік жасады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, Әмірхан Абай №136 мектеп-лицейдің 8-сыныбында оқиды. Бір апта бұрын ол достарымен өзенге мұздың еріп жатқанын көруге барған.

"Біз сырғанап, ойнап жүріп, мұздың ортасына қалай барып қалғанымызды білмей қалдық. Бір кезде мұз ойылып, Мұхамеджан деген досым суға түсіп кетті. Мен оны басында байқамадым, тек ол "Әмірхан" деп айғайлағанда ғана артыма жалт бұрылып, суға батып бара жатқанын көрдім. Ойлануға уақыт болған жоқ. Тез арада суға түсіп, оны құтқарып қалуға тырыстым. Суға сүңгіп, Мұхамеджанға дейін малтып, оны желкесінен тартып, қалың мұзға дейін апардым", – дейді Әмірхан.

Жасөспірімнің сөзінше, кейін оларға судан шығуға Сұлтан, Нұрболат және Даниал деген достары көмектескен. Балалар Мұхамеджан мен Әмірханды кезек-кезек судан алып шыққан.

Медиа-порталдың мәліметінше, Әмірхан кішкентай кезінен бастап жүзумен және футболмен айналысады. Қазір ол Қызылорда қаласының "Қайсар" футбол клубы, "2009" футбол командасында ойнайды.

Оның әкесі Берік Жанулин - "Ұлттық ұланның" 5547 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

"Ойлануға уақыт болған жоқ": қызылордалық оқушы өмірін қатерге тігіп, досын құтқарып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.