Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір уақытта 700-дей адам күй тартып, көпшіліктің ықыласына бөленді

Опубликовано:

Домбыра тартып отырған оқушылар
Мерекелік алаңда 700-дей адам бір уақытта күй тартқан. Фото: https://t.me/almaty_akimat

Алматыда домбырашылардың "Күй күмбірі" атты республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Әкімдіктің мәліметінше, мерекелік алаңда 600 оқушы, 70 педагог және 20 ата-ана бір уақытта қазақтың әр түрлі күйін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленген.

Оркестрге дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Үкібай Дүйсен жетекшілік еткен. Оркестр Құрманғазының "Балбырауын", "Адай", "Сарыарқа" күйлерін орындаған.

"Домбыра-challenge мақсаты – жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, ұлттық аспапты насихаттау", - дейді Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013379-almatyda-bir-uaqytta-700-dei-adam-kui-tartty-video/

pixel