jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда бірден екі мереке пайда болуы мүмкін

Отбасы көрінісі
Отбасы. Көрнекі фото: piqsels.com

Елімізде бірден екі мереке, яғни аналар мен әкелер күні бекітілуі мүмкін. Бұл жайлы жастар және отбасы істері комитеті тиісті құжатты дайындап, "Ашық НҚА" порталында заң жобасы жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заң жобасы аясында Аналар күнін - мамырдың екінші жексенбісінде, ал әкелер күнін - маусымның үшінші жексенбісінде атап өту ұсынылған.

Айта кетейік, жобаны қоғамдық талқылауға 17 наурыз күні ұсынған. Ал ұсынысты осы жылдың 5 сәуіріне дейін талқылауға болады.

Сонымен қатар жобаның мақсаты, Қазақстан Республикасында отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы институтын нығайту екені атап өтілді.

Қазақстанда бірден екі мереке пайда болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.