jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бүгін елдің ірі қалаларында найзағай ойнап, тұман түсуі мүмкін

Бұлтты күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүйсенбі, 20 наурызда Астана мен Алматыда күн жауын-шашынсыз, ал Шымкентте найзағай ойнауы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Алматыда бүгін күн ала бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Күндіз сынап бағанасы +8...+10°C дейін көтерілсе, түнде -1...-3°C суық болады. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді.

Еліміздің бас қаласы - Астанада таңертең тұман түсуі мүмкін. Осыған байланысты дауылдық ескерту жарияланған. Сонымен қатар елордада жауын-шашын жаумайды, күндіз -4...-6°C, түнде -2-4°C градус суық болады деп күтілуде. Одан бөлек, қалада жел 7-12 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Ал Шымкентте бүгін найзағай ойнауы мүмкін. Дегенмен бүгін сынап бағаналары +17...+19°C-қа дейін көтеріліп, түнде +3...+5°C-қа дейін төмендейді. Шаһарда желдің жылдамдығы 5-10 м/с дейін жетеді деп болжануда. Найзағайға байланысты үшінші мегаполисте дауылдық ескерту жарияланды.

Бүгін елдің ірі қалаларында найзағай ойнап, тұман түсуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.