Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын, су басу қаупі: еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Тұман
Тұманды ауа райы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, 20 наурыз сағат 21.00-ден 21 наурыз сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы, Абай облысы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

Ертең Қостанай облысындағы елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар суларымен су тасқыны қаупі болуы мүмкін. 2023 жылғы 20 мен 22 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына байланысты Қостанай облысынының оңтүстігінде (Науырзым, Жангелді, Амангелді және Арқалық қ. ауданы) қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі сақталады, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

21 наурызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с сақталады.

Ертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батыста, Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 наурызда түнде Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында 21 наурызда түннің бірінші жартысында найзағай болады деп болжанып отыр.

20 мен 21 наурыз аралығында Ұлытау (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігі) облысында қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі сақталады, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

21-23 наурыз аралығында Ақтөбе (Қобда, Мартөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би, Ойыл, Алға, Ақтөбе қ. ауданы) және Қарағанды (Шет, Ақтоғай аудандары) облыстарында қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады, бұл ретте өзендерде су деңгейлерінің кенеттен көтерілуі және судың жайылуы болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013696-zauyn-sasyn-su-basu-qaupi-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel