Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Жарияланған күні:

Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat

Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Ол 2023 жылғы 21 сәуірге дейін қамауда болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті қаулы 16 наурызда қабылданған.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2023 жылғы 16 наурызда сот қаулысымен Қ.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде сотқа дейінгі тергеу органының оны қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 2023 жылғы 21 сәуірге дейін ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылды және санкцияланды", - деп хабардар етті Алматы қалалық сотыны баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген былтыр сәуір айында ұсталған болатын.

Содан бері оны қамауға алу мерзімі бүгінге дейін ұзартылып келе жатыр. Соңғы рет оны қамауда ұстау мерзімі 2022 жылғы 20 қаңтарда ұзартылды.

Экс-депутат қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген. Дегенмен, ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013699-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/