jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"26 градусқа дейін жылы": алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Гүлдеп тұрған ағаш
Гүлдеп тұрған ағаш. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы көктемгі жылуымен және шуақты күнімен қуантатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, жоғары атмосфералық қысым әсерінен 25-27 наурыз аралығында еліміздің көп бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.

Сондай-ақ 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аймақтарда тұман күтіледі.

Дегенмен, синоптиктер ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайтынын, бірақ кей өңірлерге нағыз көктем келетін болжап отыр. Мәселен, демалыс күндері:

  • еліміздің батысында күндізгі уақытта +12-ден +26 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыста +5-тен +20 градусқа дейін;
  • солтүстікте, шығыста және орталықта +2-ден +15 градусқа дейін;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +13-тен +25 градусқа дейін;
  • таулы аймақтарда +8-ден +13 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.
"26 градусқа дейін жылы": алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.