jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тоқаев Динара Сәдуақасовамен елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты

Динара Сәдуақасова және Қасым-Жомарт Тоқаев
Динара Сәдуақасова және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президент пен шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасқан.

Динара Сәдуақасова мемлекет басшысына елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және келешектегі жоспары жөнінде баяндаған.  

Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.

Динара Сәдуақасова президент қабылдауында
Динара Сәдуақасова президент қабылдауында. Фото: akorda.kz

Кездесу барысында президент Динара Сәдуақасованы былтыр жыл соңында Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальға қол жеткізуімен тағы да құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өткен.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шахматшыға алдағы жарыстарда сәттілік тілеген. 

Тоқаев Динара Сәдуақасовамен елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.