jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жауын-шашынсыз болады: синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Ағаштар мен көше
Көктем. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, көшпелі бұлт болады деп болжап отыр, деп хабарлайды "Казгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, 25 наурыз Алматыда күндiз ауа температурасы+17+19 °C-ты көрсетсе, түнде +2+4 °C жылы болады. Көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал желдің жылдамдығы 0-5 м/с болады деп күтілуде.

Бүгін Астанада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болады деп болжанып отыр. Күндiз термометр бағаны+6+8 °C-қа дейін көтерілсе, ал түнде -2-4 °C-қа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Елордада тұманға байланысты дауылдық ескерту жарияланған еді.

Шымкентте күндiз ауа температурасы +22+24 °C-ты көрсетсе, түнде +6+8 °C-қа дейін жылынады. Синоптиктер бүгінгі ауа райын аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с дейін жетеді.

Жауын-шашынсыз болады: синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.