jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде айдың соңына дейін қатты жауын болатынын ескертті

Қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күні қолшатыр ұстаған адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер наурыздың соңына дейін еліміздің бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын болып, еріген қар ағыны қалыптасуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы "Казгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, NASA спутниктік суреттеріне сәйкес соңғы аптада Қазақстанның қар басқан аумағы 39%-дан 34%-ға дейін қысқарған.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы жеті тәулікте Қазақстанның батысында жаңбыр жауады деп болжануда. Аптаның ортасында еліміздің солтүстігі, орталығы мен шығысында түнде жауын-шашын, қар аралас жауын, күндізгі уақытта да жаңбыр күтілуде.

Осыған байланысты аталған аймақтарда қардың қарқынды еруі және еріген қар ағыны қалыптасуы мүмкін.

Синоптиктердің бір аптаға арналған ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің батысында түнде термометр бағаны +2+10°С-ты көрсетсе, күндіз +12+20°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Атырау облысында ауа температурасы +17+25°С-қа дейін жылынып, наурыздың соңғы күндерінде термометр бағаны аздап төмендеуі ықтимал.

Елдің солтүстік өңірлерінде, сондай-ақ орталық пен шығыста алдағы аптада түнгі және күндізгі ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде.

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде айдың соңына дейін қатты жауын болатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.