jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Бүгін елдегі ірі қалалардың бірінде 22 градусқа дейін жылы болады

көктем
Көрнекі фото: pexels.com

Дүйсенбі, 27 наурызда Алматы, Шымкент және Астана тұрғындарын жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтеді. Ағымдағы болжам "Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметінің ресми сайтында жарияланған.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Термометрлер күндіз 17-19 градус жылыны, түнде 3 градустан 5 градусқа дейін жылы болатынын көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр болмақ.

Астанада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы 9-11 градусқа дейін жылынса, түнде елордада -2...-4 градусқа дейін суытады. Астаналықтарға желдің 3-8 м/с дейін күшейетінін ескертеді.

Шымкентте бүгін күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа райы 22-24 градусқа дейін ыстық, түнде мегаполисте 8-10 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с дейін жетуі ықтимал.

Бүгін елдегі ірі қалалардың бірінде 22 градусқа дейін жылы болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.