jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Тұман, шаңды дауыл, жауын-шашын: наурыздың соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Тұман
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер ұсынған 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамында еліміздің батысында тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжануда. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің батысында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар 29 наурызда солтүстік пен орталықта күндіз жаңбыр жауады. 29-30 наурыз еліміздің шығысында да жауын-шашын (жаңбыр аралас қар) және 30 наурызда күндіз қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде.

29-30 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Одан бөлек, синоптиктер Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжап отыр.

30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз -5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Тұман, шаңды дауыл, жауын-шашын: наурыздың соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.