jitsu gif branding logo appbranding logo app

Оңтүстік Кореядағы әуежайдан қашып кеткен екінші қазақстандық полицияға өз еркімен барған

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяның Инчхон әуежайынан бірнеше күн бұрын қашып кеткен екінші қазақстандықтың полицияға өз еркімен барғаны белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты NUR.KZ тілшісіне Сыртқы істер министрлігі растады.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, екі отандасымызға да Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі қажетті көмек көрсетеді.

"Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде жүрген екінші Қазақстан азаматы корей полициясына өз еркімен берілді. Қазақстан елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр және отандастарымызға қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", - дейді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Корея Республикасына кіруге тыйым салынған 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматының Инчхон әуежайынан қашып кеткені белгілі болған еді.

Олардың біреуі Теджон қаласында ұсталып, екіншісіне жергілікті полиция іздеу салған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.