jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Күн күрт суытады: Астана мен Шымкентте дауылдық ескерту жарияланды

Жаңбырлы күні көшеде кетіп бара жатқан ер адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК мамандары 30 наурызда Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер болжамынша, бүгін күндіз Алматыда жаңбыр жаууы ықтимал, сондай-ақ жел секундына 3-8 метрге дейін күшейіп, екпіні 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз термометр бағаны +16...+18 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +3...+5 градусқа дейін төмендейді.

Мамандар бүгін Астанада ауа райының күрт суытатынын болжап отыр. Күндіз ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендесе, түнде -7-9 градусқа дейін суытады. Ал желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде. Елордада күн суытып, желдің күшеюіне байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Шымкентте де найзағай ойнап, желдің (екпіні 15-20 м/с) күшеюіне байланысты дауылдық ескерту жарияланып отыр. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мегаполисте күндіз +22...+24 градусқа дейін, түнде +9...+11 градусқа дейін жылы болады.

Айта кетейік, бүгін қолайсыз ауа райы елорда мен екі мегаполисте ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де күтілуде.

Күн күрт суытады: Астана мен Шымкентте дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.