jitsu gif

Алматы вокзалдары ҚТЖ меншігіне қайтарылатын болды

Алматы-2 вокзалы
Алматы-2 вокзалы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы вокзалдарын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ меншігіне қайтару жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының халқымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кездесуге келген қала тұрғындарының бірі "Алматы-1" теміржол вокзалын жөндеуге қатысты сұрағына қала әкімі екі вокзал да ҚТЖ меншігіне қайтарылады деп жауап берді.

"Мен екі вокзалды да ҚТЖ-ға қайтару туралы шешім қабылдадым. Бұны дұрыс деп санаймын. Бір кездері ҚТЖ-дан (вокзалдарды - ред.) қандай да бір себептермен алып қойған еді. Вокзал - бұл инфрақұрылымның бір бөлігі, олардың жоспарында жөндеу ғана емес, қажетті қаражатты бөлу де бар", - дейді Алматы қаласының әкімі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерболат Досаев қаланың үшінші вокзалы Алатау ауданындағы Мәдениет ықшамауданында бой көтеретінін айтқан болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.