Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 17 студент тамақтан уланып қалды

Опубликовано:

Борщ
Сорпа. Көрнекі фото: Рexels.com

Көкшетау қаласында кешкі асты дәмханадан ішкен студенттер уланып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаған басылымның жазуынша, барлық студент дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

"Студенттер тіркеуде тұрған медициналық мекемелеріне жүгінді. Стационарлық ем қабылдаудан бас тартты", – дейді ведомство.

Бірақ өңірлік денсаулық сақтау басқармасы студенттердің нақты қай дәмханадан уланғаны туралы айтудан бас тартқан.

Ал полиция департаменті студенттердің жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен.

"29 наурызда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының дәмханаларының бірінде колледждің 17 студенті уланғаны туралы Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен арыз түсті.

Кешкі астан кейін жастар жүрек айну, құсу және іш өту қолайсыздықтарына шағымданған. Санитарлық қызмет ауруға себеп болған бірқатар санитарлық ережелердің бұзылғанын анықтады", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта дәмхана иесіне қатысты "санитарлық ережелерді бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014764-koksetauda-17-student-tamaqtan-ulanyp-qaldy/

pixel