Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда куәлік пен төлқұжаттарға саусақ іздерін енгізу жоспарлануда

Опубликовано:

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі төлқұжаттарды, куәліктерді, тұруға ықтиярхаттарды және жол жүру билеттерін беру ережелерін әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жалпы жаңа ережелер Қазақстан азаматының төлқұжатын, Қазақстан азаматының жеке куәлігін, шетелдікке Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат беруге, азаматтығы жоқ адамға куәлік және жол жүру құжатын беруге, ауыстыруға, тапсыруға, алып қоюға және жоюға қатысты.

Жоба 2023 жылдың 13 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауда болады.

Жаңартылған ережелерге сәйкес, жеке басын куәландыратын құжаттарда мынадай деректер болуға тиіс:

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • туған күні мен туған жері;
  • жынысы;
  • ұлты (иесінің өтініші бойынша);
  • азаматтық;
  • фотосуреті;
  • құжатты берген органның атауы;
  • берілген күні, құжат нөмірі, жарамдылық мерзімі;
  • құжат иесінің қолы;
  • жеке сәйкестендіру нөмірі;
  • "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда он алты жасқа және одан жоғары жасқа толған, сондай-ақ он екіден он алты жасқа дейінгі құжат иесінің саусақ іздері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014773-qazaqstanda-kualik-pen-tolquzattarga-sausaq-izderin-engizu-zosparlanuda/

pixel