Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәуір айының алғашқы күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Опубликовано:

Жасыл шөп
Шуақты көктем: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәуір айының алғашқы күндеріне, яғни 1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батыс өңірлерінде оңтүстік циклонының ықпалынан тұрақсыз ауа райы сақталып, найзағаймен қоса жаңбыр жауады деп күтілуде.

Сондай-ақ Қазақстан бойынша желдің жылдамдығы сағатына 15-25 м/с дейін күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.

Синоптиктер оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -1...-6 градус үсік жүреді деп болжап отыр.

Батыста және солтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы күндіз +13...+20 градусқа дейін көтерілсе, солтүстікте күндіз +7...+15 градусқа дейін жылы болады

Ал еліміздің орталығында ауа райы +10...+20 градусқа дейін жылы болса, шығыста сынап бағанасы 0...+10 градусты көрсетіп, оңтүстік-шығыста +5...+18 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014874-sauir-aiynyn-algasqy-kunderi-qazaqstanda-kun-raiy-qandai-bolady/

pixel