Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатқаны рас па: желіде тараған қауесетке СІМ жауап берді

Опубликовано:

Ер адам қол сөмкемен кетіп бара жатыр
Саяхатшы. Көрнекі фото: Рixabay.com

"Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатқаны" туралы ақпарат қаншалықты рас? Бұл сауалға Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің жазуынша, әлеуметтік желіде "екі қазақстандықтың Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өту оқиғасынан кейін ондағы отандастарымызды жұмыстан шығара бастады" деген ақпарат тараған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

"Бұл – жалған ақпарат", – дейді ол.

Сондай-ақ СІМ өкілі Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен екі қазақстандықтың тағдырына қатысты жергілікті полициядан хабар күтіп отырғанын айта кетті.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан, аталған елге заңсыз кіріп кеткен еді. Көп ұзамай оның біреуі ұсталып, кейін екіншісі өз еркімен полицияға берілді.

СІМ отандастарымыздың бұл әрекеті Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырып, жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014910-ontustik-koreyada-qazaqstandyqtardy-zumystan-sygaryp-zatqany-ras-pa-zelide-taragan-qauesetke-sim-zauap-berdi/