jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде бірқатар дәрі-дәрмек бағасы өсуі мүмкін: фармацевтер дабыл қағуда

Фармацевтер
Фармацевтердің жұмыс барысы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Отандық фармацевтер елімізде бірқатар дәрі-дәрмек, ерітінді жақпамайдың бағасы өсуі мүмкін екенін айтып, алаңдап отыр. Себебі шетелден жеткізілетін фармацевтикалық субстанцияларды Қазақстанда тіркеу туралы талап күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, қазір дәрілік қоспалардың ешқайсысы елімізде өндірілмейді, олардың көбі Еуропа, Қытай және Ресейден тасымалданады. Егер халықаралық сертификаттары бар дәрі-дәрмектерді Қазақстанда қайта тіркесе, біріншіден қымбатқа түседі, әрі бұл ұзақ уақытты алуы мүмкін. Жаңа талап енгізілсе, препаратты өздері жасайтын дәріханалар үшін қиынға соққалы отыр. Себебі олар шикізатты аз мөлшерде алады. Қазір елімізде препаратты өзі дайындайтын 126 дәріхана бар.

"Егер жаңа талапты енгізетін болса - біз амал жоқ жабыламыз. Себебі Қазақстанда субстанцияның бағасы бірден шарықтайды. Ал ондай жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. Сырттан жеткізілетін әр шикізатты заң жүзінде тіркейтін болсақ, біздің есебіміз бойынша шамамен құны 5 есеге қымбаттайды", - дейді фармацевтикалық компания директоры Ольга Цейц.

Бұл талапқа қатысты денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі фармацевтерге алдын ала алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты.

"Әлі бұл талап енгізілген жоқ қой. Қазір қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Бизнес қауымдастықтың зардап шекпеуіне біз де мүдделіміз. Сондықтан бұл талапты алып тастауымыз да мүмкін", - дейді ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы Эрик Құлшанов.

Елімізде бірқатар дәрі-дәрмек бағасы өсуі мүмкін: фармацевтер дабыл қағуда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.