Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды
Опубликовано:
Қазақстанда оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсыру маусымы басталды. Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-арнасы.
Министрлік бірінші сыныпқа қабылдауға қажет құжаттар тізімін ұсынды:
- Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
- Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- 026/у-3 баланың денсаулық паспорты;
- Баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек.
"Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады", –деді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2014998-qazaqstanda-oqusylardy-birinsi-synypqa-qabyldau-bastaldy/