Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде дауыл мен аяз күтілуде

Жарияланған күні:

жел
Жел. Көрнекі фото: sterhluki.ru

Жексенбі, 2 сәуір күні Қазақстанның оңтүстігінде қатты жел соғады. Еліміздің кей өңірінде үсік, жаңбыр, тұман, шаңды дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометтің ресми сайты.

Жексенбі күні елдің басым бөлігінде жаңбырсыз ауа райы сақталады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жаууы мүмкін.

Оңтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Бұл ретте оңтүстікте, оңтүстік-шығыста өте күшті жел, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Синоптиктер Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында желдің екпіні өте күшті болатынын атап өтті.

Айта кетейік, Ресей гидрометеорологиялық орталығы сайтындағы Бофорт шкаласы бойынша, мұндай жел үлкен аумақта қиратуға қабілетті.

Маңғыстау облысында желден бөлек жаңбыр жауады деп күтілуде.

Қарағандының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысында желдің екпіні күшейіп, Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл сақталады.

Алматы облысында желдің жылдамдығы ұлғайып, аймақта түнде 1-6 градус аяз сақталады.

Жетісу облысы, Алакөл көлінің маңында жел күшейіп, облыста түнде 2-7 градус аяз күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман күтіледі. Бұл жерде желдің жылдамдығы жоғарылап, аймақта түнде 1-6 градус аяз сақталады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында да қатты жел, ал түнде облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 2 градус аяз күтіледі.

Қалалардағы қолайсыз ауа-райы

  • Тараз - кей жерлерде тұман түседі. Облыста түнде 1-3 градус аяз күтіледі.
  • Алматы - 2 сәуір күні түнде 1-3 градус шамасында аяз күтіледі.
  • Қонаев - түнде 3-5 градус шамасында аяз күтіледі.
  • Қызылорда - шаңды дауыл сақталады.
  • Талдықорған - желдің екпіні күшейіп, түнде 4-6 градус шамасында аяз күтіледі.
  • Шымкент - 2 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
  • Жезқазған, Ақтау, Петропавл - желдің екпіні күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015028-zeksenbi-kuni-elimizdin-basym-boliginde-dauyl-men-ayaz-kutilude/