jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ораза кезінде жолда құрма мен су таратқан полицейлер елді сүйсінтті (видео)

Маңғыстау полицейлері құрма таратуда
Полицей жүргізушіге құрма, су беруде. Фото: Іnstagram.com/mangistaupd

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен жандарға жолда құрма мен су таратқан маңғыстаулық полицейлер елді сүйсінтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тәртіп сақшыларының қала көшелеріндегі өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, ауызашарға деп су, құрма беріп жатқаны туралы видео Маңғыстау облысы полиция департаментінің Instagram парақшасында пайда болды.

"Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасы қызметкерлері ауызашар уақытында көшедегі жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне құрма мен су таратып, игі іс атқарды.

Жолда кептеліс пайда болуы мүмкін, өзге де бір белгілі себептермен ораза ұстаушы жан діттеген орынға ауыз ашу үшін дер кезінде жетпей қалуы мүмкін. Осылайша дәл ауызашар уақытында су мен құрма тарату арқылы полиция қызметкерлері ораза ұстаған жандардың қажеттілігін қамтығысы келді", – делінген Маңғыстау облысы полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ораза кезінде жолда құрма мен су таратқан полицейлер елді сүйсінтті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.