jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Найзағай, жаңбыр, қатты жел: апта басында ел аумағында ауа райы қандай болады

Жаңбырлы күнде қолшатыр ұстаған ер адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 3 сәуірде республика бойынша және Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, оңтүстікте найзағай ойнайды.

Сондай-ақ оңтүстік-шығыста қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста тұман күтілуде.

Сонымен қатар Жетісу, Жамбыл облыстарында екпіні 30 м/с-қа дейін жететін қатты жел тұрып, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Ал бүгін ел ордасы Астанада күндіз ауа температурасы +12...+14 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр.

Синоптиктер дүйсенбіде Алматыда да +14...+16 градусқа дейін жылы болады, деп болжап отыр. Жел аздап күшеюі ықтимал (3-8 м/с).

Апта басында Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз сынап бағанасы +21...+23 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ қалада желдің екпіні секундына 8-13 метрге дейін күшейсе, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Найзағай, жаңбыр, қатты жел: апта басында ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.