jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл: Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Найзағай
Найағай. Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жаууы мүмкін.

5-6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжануда.

Сондай-ақ 6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде.

Одан бөлек, республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнауы мүмкін. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі деп болжануда.

Осы ретте, мамандар ел бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейтінін атап өтті.

Жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл: Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.