jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның екі ірі қаласында күн ашық әрі жылы болады деп күтілуде

Көшеде жаяу кетіп бара жатқан адамдар
Шуақты күн: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 4 сәуірде Астана мен Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы болса, Шымкентте жаңбырлы жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, Астанада бүгін жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығады. Күндіз термометрлер +15...+17 градусты көрсетсе, түнде -1...+1 градусқа дейін төмендейді. Сейсенбі күні елордада желдің жылдамдығы 2-7 м/с дейін жетеді.

Синоптиктер Алматыда да жауын-шашынсыз, күн ашық болады деп болжады. Мегаполисте күндіз ауа температурасы +16...+18 градус жылы, түнде +4...+6 градус жылы болады деп күтілуде. Оңтүстік астанада жел жылдамдығы 0-5 м/с жетуі мүмкін.

Бүгін Шымкентте күн күркіреп, жаңбыр жаууы ықтимал. Соған қарамастан мұнда ауа температурасы күндіз +18...+20 градусқа дейін жылыса, түнде +9...+11 градус жылы болады. Бүгін мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Бүгін Қазақстанның екі ірі қаласында күн ашық әрі жылы болады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.