Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, қатты жаңбыр, жел: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәрсенбі, 5 сәуірде республика бойынша және Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байлаңысты жаңбыр жауады, таулы аумақтарында – қатты жаңбыр, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады.

Түнде Алматы облысының таулы аумақтарында, Жетсіу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аумақтарында 1-6 градусқа дейін үсік сақталады.

Ал Алматы қаласында бүгін жауын-шашынсыз күн ашық болады, термометр бағаны күндіз +17...+19 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астанада да сәрсенбіде жауын-шашын күтілмейді, дегенмен көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Күндіз +16...+18 градус аралығында жылы болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ ауа температурасы +16...+18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Бұдан бөлек мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015470-naizagai-qatty-zanbyr-zel-sarsenbide-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel