Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ердоғанға еріп бардым": Түркияда депутат атанған қазақ қызы туралы не білеміз

Опубликовано:

Решиде Юксел сұхбат беруде
Решиде Юксел. Скриншот: "Түркістан" арнасы

Түркияда дәрігер болып, кейін депутат атанған қазақ қызы Решиде Юксел "Түркістан" арнасына сұхбат берді. Ол жат елде депутаттық деңгейге көтерілсе де, атамекенін бір сәт ұмытпаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Решиде Юксел 30 жылға жуық дәрігер болған. Ол Түркияда жүріп, ең алғаш ақ халат киген қазақ қызы. Ата-анасы 1950 жылдары Алтайдан Түркияға табан тіреген. Решиденің әкесі шетелде жүрсе де, қызының жоғары білім алып, еңбек етуіне бар жағдайды жасайды.

"Ең алғаш рет Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын жасады. Ол кезде мен оқуды енді бітірген жас маман едім. Үлкендерімізбен бірге құрылтайға бардым. 2015 жылы Ердоған Қазақстанға сапарлатып барғанда, мені де бірге ертіп барды", - дейді ол.

Решиде Юксел 1992 жылы Ислам универститетін медицина мамандығы бойынша бітіріп, 2014 жылға дейін алған білімі бойынша жұмыс істеген. Елу жасында зейнетке шыққан ол "Әділет пен даму" партиясы атынан депутат болды. Ол өзі тұратын Зейтінбұрын аудандық мәслихатында жұмыс істеп, 400 мыңға жуық адамның жағдайын билік басына жеткізіп отырған.

Решиденің жолдасы - түрік азаматы. Ол қазақ салт-дәстүрі мен тарихын жетік біледі. Қазақстанда бірнеше жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген Фетхи Ахмед Юксел үстінен қазақтың шапанын тастамайды.

"Мен Қазақстанда көп еңбек еттім. Атбасардағы "Сарыоба" археологиялық жобасына жетекшілік еттім. Павлодарда тарихи жәдігерлер тауып, сол жақта екі жыл сабақ бердім. Жалпы маған Қазақстан қатты ұнайды. Қанша дегенмен, атажұртымыз ғой", - дейді Фетхи Ахмед.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015568-erdoganga-erip-bardym-turkiyada-deputat-atangan-qazaq-qyzy-turaly-ne-bilemiz/

pixel