jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Екі аудан әкімі болады": Тараз қаласы алдағы уақытта екі аумаққа бөлінбек

Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты
Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты. Фото: gov.kz

Тараз қаласы алдағы уақытта оңтүстік және солтүстік аумақ болып екіге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысының əкімі Нұржан Нұржігітов Тараздың 11-округ тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметінше, облыс әкімі бұған дейін де Тараз қаласының аумағын кеңейтіп, әкімшілік аудандарға бөлу мәселесі бойынша кеңес өткізген болатын.

Енді бас жоспарға түзетулер енгізілген соң ауылдың 44 551 халқы қала тұрғынына айналады. Осылайша, Тараз халқының саны 408 235 болып, қала аумағы 11 755 гектарға ұлғаяды. Ал қаланың жалпы ауданы 30 542 гектарды құрайтын болады.

"Жоба жүзеге асқанда Таразда сәйкесінше, бір қала әкімі, екі аудан әкімі болады. Сонда көне шаһардағы әлеуметтік мәселелерді шешу де жеңілдей түседі. Біздің бұл бастамамызға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді", - дейді тұрғындармен жүздесуде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.

Агенттіктің дерегінше, қала маңында орналасқан 11-округтің қазіргі таңда 25 мың тұрғыны бар. Келер жылы мұнда үш бірдей мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар халықпен кездесуде Нұржан Нұржігітов алдағы уақытта бұл округте жаңа емхана соғу мәселесі де қарастырылатынын атап өткен.

"Екі аудан әкімі болады": Тараз қаласы алдағы уақытта екі аумаққа бөлінбек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.