Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неке жария болуы керек": Түркістанның бас имамы екі әйелі бар ер жігітке қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мұхамеджан Ергешбайұлы студияда қонақта
Мұхамеджан Ергешбайұлы. Фото: "Түркістан" арнасы

Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы екі әйел алу мәселесіне қатысты өз ойын айтып, "Нәзік әлем" бағдарламасында қонақ болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа Салтанат ханым (бағдарлама жүргізушісі - ред.): "Еркектер екінші әйел десе бал-бұл жайнайды, көздері жанып кетеді",- деп айтып жатыр. Бұл енді жақсы нәрсе, жағымды нәрсе болғандықтан, әрине, ұнамды болады. Нәпсіге жағымды шығар. Діни көзқараста айтайын. Қазір көп жігіттер "Ниса" сүресінің аяттарын оқып алып, төрт әйел алу парыз, құранда жазылған деп жүр. Исламға дейінгіні қарайтын болсақ, көп әйел алу бұрыннан келе жатқан нәрсе. Асыл дініміз ислам бұл жолды реттеуші құрылғыны жасап берген дін. Исламға дейін әйелді адам заты деп санамаған. Мұны батыстың жазбаларынан оқуға болады. Әйелді бір қолдан бір қолға сатып, еркектер қалағанынша әйел алған. Ал біздің дініміз мұны реттеп, қыз баланың абыройын көтерді. Ислам дінінде ер адамның жүрегі төртеуге арналған. Бірақ әділ болсаң ғана. Егер әділ болмасаң, қайырлысы - біреуі. Неке жария болу керек", - деді ол.

Сондай-ақ Түркістан қаласының бас имамы жасырын неке қидырғысы келетін ер адамдарды сынап, екі әйеліне бірдей қарап отырған Жомарт Бектұрсынов есімді азаматқа ризашылығын білдірді.

"Екінші некесін қидырғысы келетін жігіттер бар. Бірақ олар екінші әйелінің анасы, әкесін шақыртуды сұрағанда, әңгімеден тайқи бастайды. Бәріміз де қыз өсіріп отырмыз. Қыз бала бойжеткенше мейірімді даладан іздемеу керек. Ал ұзатылған соң, оның өміріне күйеуі жауапты. Мейлі, оның бәйбішесі бар ма, жоқ па... Ең бастысы - ер азамат адал, қамқор, қорған болуы керек. Ер азаматтың принципі солай. Мына бауырыма риза боп отырмын. Бүгінгі күннің батыры. Үй-жайын бәрін алып беріп қойған. Әзірше, өзімнің бір отбасым бар. Бірақ Жомарт бауырымды көріп мен де ойланып қалдым. Пайымымда жүрген нәрсе еді. Егер бұл қадамға баратын болсам, ешкімнен жасырмай істеймін", - деді Түркістанның бас имамы.

Айта кетелік, бағдарлама барысында түркістандық Жомарт Бектұрсынов есімді жігіт екі әйелімен тату-тәтті тұрып жатқанын баяндаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015723-neke-zariya-bolu-kerek-turkistannyn-bas-imamy-eki-aieli-bar-er-zigitke-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel