jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы қыз іздестірілуде (фото)

Жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған 16 жастағы қыз іздестірілуде, деп хабарлайды Telegam-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 5 сәуір күні Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласқан.

Ол өзінің 2006 жылғы сіңлісі Тойбазар Лейла Асхатқызын іздестіруге жәрдем беру туралы көмекпен жүгінген. Айтуынша, сіңлісі 4 сәуір күні сағат 16:00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жасөспірім қыздың белгілері: бойы 150-155 см, дене бітімі арық, шашы қара, қысқа, көздері қоңыр.

Үстінде күңгірт жасыл түсті күрте, қара түсті шалбар және аяғына қара түсті кроссовки киген.

"Жасөспірім жайлы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан Көкшетау қаласының ПБ-на Сәтпаев көшесі, 1а мекенжайы бойынша немесе көрсетілген телефон арқылы хабарлауды сұраймыз 8-(7162)-25-78-05, 8-747-352-16-95 немесе 102", – делінген хабарламада.

Лейла Тойбазар
Лейла Тойбазар. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы қыз іздестірілуде (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.