Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тілі қазақша шыққан": Түркістанда қазақ тілінен сабақ беретін орыс қызы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Наталья Григорьева
Наталья Григорьева. Видеодан кадр: Turkistantvkaz

Түркістан қаласында қазақ тілінен сабақ беретін Наталья Григорьева есімді орыс қызы тұрады. Қазақ тілін жетік меңгерген жас педагог өзі білім алған мектепте ұстаздық етуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Turkistan телеарнасын сілтеме жасап.

Қазақтың ақын-жазушыларын сүйіп оқитын Натальяның тілі қазақша шыққан. Оған бала кезден бірге өскен көршілері себеп болған көрінеді.

Түркістанда туып-өскен орыс қызы қаладағы Некрасов атындағы мектепте орыс сыныбында білім алған. Бірақ сол кездің өзінде-ақ ол алғырлығымен ұстаздарының назарына іліккен.

Бүгінде Наталья гуманитарлық колледжді қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, өзі білім алған мектепте ұстаздық етуде.

"Мен ұстаз болып, яғни қазақ тілін таңдап, мемлекеттік тілімізді дәріптеуге, өзге де ұлт өкілдеріне осы тілді жаттап, осы тілдің арқасында жолдары ашық болатынын түсіндіргім келеді. Қадыр Мырза Әлі атамыз айтқандай, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Біздің мемлкеттік тіл қазақ тілі болғандықтан осы тілдің мәртебесін, жұлдызын биіктеткім келеді", – дейді Наталья.

Жас мұғалімге кезінде сабақ берген ұстазының айтуынша, Наталья өзі орыс сыныбында оқыса да мәтінді бір оқып алып, қазақ тілінде мазмұнын айтып беретін болған.

Қазақ тіліне құрметі ерекше Наталья Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері жанына жақын екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015778-tili-qazaqsa-syqqan-turkistanda-qazaq-tilinen-sabaq-beretin-orys-qyzy-zaily-ne-bilemiz/

pixel